Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg?_=1587383109

введите текст

введите текст

Психологқа сұрақ

КАДЕТ СЫНЫБЫ

кадет сыныбы

СПОРТ СЫНЫБЫ

кава


       9-сынып оқушысы
       Баязитова Мөлдір 


                                                         МЕН-ҚАЗАҚСТАНДЫҚПЫН!

 «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса,
 азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық
 жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі
 жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.
 Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
                                                     Н.Назарбаев

  Менің туып өскен жерім – Қазақстан. Қазақстан – кең байтақ жер. Қазақстанның табиғаты өте көркем. Тауларымыз аспанмен беттес, өзен-көлдеріміз тұп-тұнық, жазық кең даламыз болса шұрайлы, шөбі шүйгінді өлке. Қазақстанда әр түрлі өсімдіктер мен шипалы өсімдіктер өседі, неше түрлі жануарлар, аңдар, құстар мекен етеді. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін табиғи көркем қорықтар ашылған. Біздің елімізде Бурабай, Баянауыл, Шынбұлақ т.б. сынды көркем жерлеріміз бар. БУрабайдағы Жұмбақтасты табиғаттың көркем жаратылысы етіп сипаттасақ, Жұмбақтастың өзінің пайда болу тарихы бар. Он жеті жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шынынан секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады. Қазақстанның табиғатын ауызды көпіртіп айтса да бәлкім бітпейтін де шығар.
Біздің еліміз тәуелсіздігін алу үшін талай қиындықтарды бастан кешірген. Ашаршылық, Ұлт - азаттық соғыс, Ұлы Отан соғысы, желтоқсан жаңғырығы сияқты оқиғалардан өтті. Көптеген қазақ зиялыларымыз, жастарымыз Отан үшін, халық үшін қаза тапты. Ұлы Отан соғысына қатысқан Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова сынды батырларымыз қасық қаны қалғанша жанын пида етті. 1986 жылғы желтоқсан жаңғырығында Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова,К. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев сияқты ұл-қыздарымыз ержүректік таны танытып, құрбан болды. Желтоқсан жаңғырығынан бес жыл өткен соң, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. Ежелден еркіндікті аңсаған халқымыз сол күнге де жетті. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Біздің елбасымыз шебер саясатшы, дарынды, нағыз отаншыл адам. Ал 1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды. Елтаңба, Ту, Әнұран еліміздің егемен, тәуелсіз, азат екендігін көрсетеді. Сол сәттен бері міне 21 жыл жа өте шықты. Қазіргі Қазақстан – дамып келе жатқан, болашағыңнан зор үміт күткіздіретін мемлекет. Біздің еліміз күннен күнге дамып, көркейіп келе жатыр. Қазіргі еліміздің экономикасы Мексика елінің экономикасымен тең. Аз ғана уақыт ішінде жас мемлекетіміз көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі күнде еліміз басқа елдермен қарым-қатынас орнатып, биік шыңдардан көрінуде. Біздің еліміз әлемге танымал мақтанарлықтай беделге ие. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана. 1997 жылы Астана қаласы Алматыдан көшірілді. Астана әлем таныған жас қала. Астана – Еуразияның жүрегі. Қаламызбен аспандаған дүние алдындағы абырайымыз, мерейіміз артуда. Астана – үміт шырағын жағатын қала. Елбасымыздың басқа елдермен басқосулары да осы қаламызда өтеді. Ендігі кезекте, 2017 жылы Астанада EХРО көрмесі өтеді. Бұл EХРО көрмесіне басқа елдерден туристер келіп, Астана қаласын тамашалайды. Қазіргі таңда EХРО 2017 көрмесіне шет елдерден мамандар келіп, өзінің құрылыстарын таныстырып, салуды жоспарлап, дайындалып жатыр. Бұл көрмеге әлемнің 100-ге жуық елі және он халықаралық ұйым қатыса алады. Сонымен қатар, көрмеге бес миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Бұл көрме еліміздің даңқын, экономикасын, мерейін көтереді деп сенеміз. Иә, қазіргі Қазақстан үлкен белестерге жетті. Экономикамыз, саяси-әлеуметтік жағдайымыз біршама көтерілді. Спорт жайлы айтсақ, осы күнде Қазақстанда спортыларымыз көбейіп, олимпиадаларда жүлделі орын алып, Қазақстанның абыройын жоғарлатуда. Еліміздің беделін арттырған О.Рыпакова,Б. Саттарханов, Г.Головкин, С. Сапиев, И. Ильин, З.Чиншанло сияқты спортшыларымызды мақтан етемін. Оларға қарап кішкентай бүлдіншіндер үлгі алып, спортқа деген ынтасы артты.
Мен - Қазақстан азаматы болғаныма өте қуаныштымын. Қазақстан сияқты егемен елде тұрып, білім алып жатырмын. Біздің елімізде өзге ұлттың да өкілдері де тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл Қазақстанның қонақжай, бейбітшілікті алға қойған ел екендігін білдіреді. Біз осындай егемен, тәуелсіз мемлекетке тұрғандықтан, осы мемлекетке тұруға лайықты болуымыз керек. Сондықтан біз өз еліміздің патриоты болып, бізге артылған үмітті ақтауымыз. Ал Отанымыздың намысы үшін біз өз ілімізді әр жерде даңқын шығарып, қазақ елінің туын биікке көтеруіміз керек.

 

Видео

Іздеу

Ауа-райы

Қонақтар

  • Осы айда 269
  • Осы аптада 85
  • Кеше 19
  • Бүгін 1
  • Онлайн 0

Сауалнама

Біздің сайтымызға баға берініздер ?

Дауыс беру

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год