Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg?_=1587383109

введите текст

введите текст

Психологқа сұрақ

КАДЕТ СЫНЫБЫ

кадет сыныбы

СПОРТ СЫНЫБЫ

кава
ҰБТ-ға ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА АТА-АНАЛАР МЕН МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ КЕҢЕСТЕР
ҰБТ -ға психологиялық дайындау бойынша ата- аналар мен мектеп бітіруші түлектерге кеңестер.
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты:
білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. Білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез-құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез-құлқың.
Емтиханға тиімді дайындалу тәсілдері туралы ұсыныстар. Психология тұрғысынан қалай дайындалу керек.
Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.
Көз шаршаса не істеу керек?
Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл ағза шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:
кезек-кезек жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қара;
көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;
қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.

Күн тәртібі
Күніңді үшке бөл:
емтиханға күніне 8 сағат дайындал;
спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел;
кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.

Тамақтану
Күніне 3-4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс-жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жеме.

Дайындалатын орын
Өзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады. Көп материалды қалай есте сақтауға болады
Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана жылдардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр – бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.
Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.
1.    Ақылды болғың келсе – ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен жауап беруге және айтар ештеңең болмаса үндемеуге үйрен.
2. Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.
3. Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар туралы, адамдар туралы ақпарат береді.
4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнертабыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтардың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.
5. Дайын стандартты шешімдердің көмегімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ойлау қабілеті «іске кіріседі». Сондықтан ойлауды дамыту үшін затты немесе құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.
6. Заттың немесе құбылыстың әртүрлі қасиеттерін байқау, оларды өзара салыстыра білу қабілеті – ойлаудың қасиеті.
7. Адам объектінің белгілерін, қырларын қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады. Бұл қасиетті зеректікке арналған ойындармен, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешу арқылы жаттықтыру қажет.
8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі – оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:
1. Есте сақтау қиындығы оның көлеміне кері пропорционалды өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.
2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.
3. Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.
4. Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.
5. Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.
6. Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.
Жұмысқа қабілеттілікті қалпында ұстау
1. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау
2. Гимнастикалық жаттығулардан кувырок, свеча, баста тұру сияқты жаттығулар пайдалы,
    өйткені ми жасушаларына қанның баруы күшейеді.
3. Көзіңді қорға, әрбір 20-30 минут сайын демалыс бер (көзіңді кітаптан алып, қашыққа
    қара). 
4. Теледидар қарауды барынша шекте ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес.

Мектеп бітірушінің ҰБТ уақытында жоғарғы көрсеткіш көрсетуінің ең маңыздысы – ол ата-ананың түсінігі, көзқарасы, қамқорлығы, көмегі болып табылады.
Балаңызға тиімді көмек көрсетуде мына төмендегі бірнеше кеңес есіңізде болғаны дұрыс:
Психологиялық қолдау– балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы.
Баланы қалай қолдау керек?
-  Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.
-  Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан 
   аулақ болыңыз.
-  Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.
-  Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.
-  Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.
-  Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.
-  Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ сот рөлінде болмаңыз.
-  Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.
-  ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі
   мүмкін.
-  Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.
-  Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.
-  Тамақтануына көңіл бөліңіз:  баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан
   түрлі тағам қажет.
-  Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.
-  Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.
Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.
Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:
•  Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына  сендіріңіз.
 •  Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.
ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.
•  Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.
•  Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.
•  Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық,  ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.
•  Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.
•  Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.

Балаларыңызда тестте кездесетін қиындықтар:
1. Психологиялық қобалжудың жоғарылауы
2. Есте сақтаудың төмендеуі
3. Сұрақты соңына дейін оқымауы
4. Нұсқаларды толтыруда шатастыруы
5. Уақытты дұрыс пайдалана алмау
6. Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық
7. Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу
8. Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді. 9. Жүрек айну, іш ауру.  
  
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: НЕГІЗГІСІ-УАЙЫМЫН, ҮРЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ САБАҚ ҚАРАУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ


ҰБТ-ге ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

Ұыймдастырушы: педагог-психолог Менлибекова А.А.
Қатысушылар: 11 «А», 11 «Ә» сынып оқушылары
Тренинг мақсаты: Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз - өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл - күйлерін қалыптастыру.
Құрал - жабдықтар: А4 беттері, психологиялық әуендер, түрлі - түсті фламастерлер, стикерлер, жіп.
Жоспары:
1. Сәлемдесу. Сұрақтарға жауап беру
2. «Күншуақ» жаттығуы;
3. «Бәйтерек» жаттығуы;
4. «Жағымсыз сезімдерден арылу» жаттығуы;
5. «Мен өзіме сенімдімін» жаттығуы;
6. «Жіптік өрнек» жаттығуы;
7. «Тоғай тілегі» қорытынды.
Сабақтың барысы:
«Сәлемдесу» жаттығуы. Қатысушылар барлығы бір - бірімен сәлемдесіп, мына төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:
1. Бүгінгі көңіл - күйін қалай?
2. Өзіңді қалай сезініп жүрсің?
3. ҰБТ - ға дайындығың қалай?
4. Сені мазалайтын қандай қиыншылықтар бар?

«Күншуақ» жаттығуы. Бұл жаттығудың шарты бойынша, әр қатысушы берілген А4 беттеріне күн шуақтың суретін салады. Өзінің алдына қойған мақсатын және сол мақсатқа жету жолдарын жазады. Қатысушылардың әрқайсысы өз мақсаттармен таныстырады. Уақыт 10 мин беріледі.
«Бәйтерек» жаттығуы. Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа А4 беттері беріліп, «Бәйтерек» жасау керек. «Бәйтеректі» тек А 4 беттерінен жасағанда қайшы, желім т. б. қолданылмайды. Уақыт 20 мин беріледі. Бұл жаттығуда қатысушылардың бір - бірімен қарым - қатынасын, қобалжуын, белсенділігін т. б. сезімдерін байқауға болады.
«Жағымсыз сезімдерден арылу» жаттығуы. Қатысушылардың әрқайсысы А4 бетіне бір жағына жағымды, бір жағына жағымсыз сезімдеріннің тізімін жазып, одан кейін жағымсыз сезімдеріннің тізбегін жыртып, оны умаждап лақтырып тастайды. Уақыт 10 мин беріледі. Оқушылар жаттығудан кейін өз ойларымен бөліседі.
Рефлексия: бұл жаттығуларды орындап болғаннан кейін, оқушылар қандай сезімде болғанын немесе қандай әсер алғандарымен бөліседі.
Тыныштық сәтін ұйымдастыру.
«Мен өзіме сенімдімін» жаттығу. Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Тақырыпқа байланысты өзіне сенімділігін арттыру үшін, «Мен өзіме сенемін» деп әрқайсысы өз ойларын айтады.
«Жіптік өрнек» жаттығу. Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Берілген тапсырмаға байланысты әр оқушы өздерінің қиындықтарын немесе өзін мазалаған ойлары туралы айтып, бір-біріне жіпті лақтырады. Соңына қарай өздерінің мәселелерін шешу жолдарына қарай өз ойларын ортаға салып жіпті кері орайды.





 

Видео

Іздеу

Ауа-райы

Қонақтар

  • Осы айда 269
  • Осы аптада 85
  • Кеше 19
  • Бүгін 1
  • Онлайн 0

Сауалнама

Біздің сайтымызға баға берініздер ?

Дауыс беру

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год