Меню KDT
МЕНЮ
logo.png?_=1569833690

введите текст

введите текст

Психологқа сұрақ

КАДЕТ СЫНЫБЫ

кадет сыныбы

СПОРТ СЫНЫБЫ

кава
КІТАПХАНАШЫ
 
Махсутова Зағипа Абдипаттановна
Кітапхана меңгерушісі 
Білімі: Жоғары, Шымкент Университеті
Біліктілігі: ағылшын тілінің мұғалімі
Бітірген жылы: 2007 жыл
Еңбек өтілі: 1 жыл
Мектепте 2011 жылдың 01-тамызынан бастап кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істейді.

"Өрем деп өлмес жырдың от өрнегін"   Ерімбетова Р., Махсұтова З.

                                                     АТА-АНАЛАР СІЗДЕР ҮШІН!!!
Ата – аналарға арналған жадынама:
      Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманда ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.
       Кітап оқу – адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Кітап адам баласының ақыл – ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Білімді кітаптан үйренесің. Білімнің қаншалықты қажет екенін, білімсіз еңбек ете алмайтынын бүгінгі күнге шейін адам баласы білуі керек, яғни міндетті болып саналады. Білімді кітаптан үйренген адам жан – жақты, ақылды, талантты, дарынды, ғалым болуға және келешекте күрделі жұмыстар атқаруға көмектеседі. Кітап - оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады.
      «Кітап – рухани азық» - дейді қазақ халқы. Кітап оқушылардың жан – жақты білімін, ой-өрісін кеңейтеді.

Біз балаларымыздың дені сау болып өсуін, бақытты болуын қалаймыз. Болашақта жақсы "азамат" болып қалыптасып, үлкен табыстарға қол жеткізуін тілейміз. Бұл үшін ең алдымен жас ұрпақ кітап оқуды үйреніп, білімді меңгерулері қажет.

Балалық шақ - баланың кітапқа және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін дамытудың ең қолайлы кезеңі.

Оны қалай іске асыруға болады?

Төменде бірнеше пайдалы және қызықты кеңестер беріледі. Алдымен ата-аналарда жиі туатын сұрақтардың жауаптарымен танысайық.

Ерте балалық шақта кітаптар не үшін керек?
Бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты дамыту.Бейнелі суреттерді көру арқылы сөз өнерін және әсемдікті, көркемдікті тану.
Тыңдай білуге дағдыландыру.
Кітап оқып үйрену кезеңіне баланы дайындау.
Ой-өрісін және сезімдік өрісін дамыту.
Қиялын дамыту.
Баланың көңіл-күйін көтеру.
Кітапты қашан оқу керек?
Бала туа саласымен.
Күн сайын бірнеше  минуттан уақыт бөлу.
Баланың көңілді сәтіндегі уақытты таңдап алу.
Баланы кітап оқуға бөлінетін уақытты "күте" білуге үйрету.
Барлық жерде оқу.
Бала жылаған немесе қырсыққан кезде, әдемі кітапты көрсетіп жұбату.
Кітапты қалай оқу керек?
Қолайлы жер таңдау.
Өзіңіздің балалық шағыңыздан есіңізде қалған өлеңдерді жатқа оқу.
Баланың қолына беруге болатын кітаптарды табу.
Суреттері бар кітаптарды қарау.
Мәнерлеп оқу.
Балаға кітап "таңдауға" еркіндік беру.
Жақсы көрген кітабын қайталап оқу.

 Ата – аналарға арналған кеңес:

  1. Баламен бірге өлең айтып, ойнап, әңгімелесіңдер.
  2. Күнде кітап оқуға уақыт бөліңіз.
  3. Кітапты байқап таңдаңыз.
  4. Оқуға қажетті заттармен баланың айналасын қоршаңыз.
  5. Мәнерлеп, асықпай және рахаттана кітап оқыңыз.
  6. Бірнеше рет қайталап оқыңыз.
  7. Әр уақытта және барлық жерде кітап оқыңыз.
  8. Балаға кітапты күштеп оқытпаңыз.
  9. Баланың оқығанына қызығушылығыңызды көрсетіңіз.
 Кітап оқу – баланың болашақ оқуға деген қарым – қатынасын анықтайтын дайындық болып табылады. Олай болса, құрметті ата – аналар, ұстаздармен бірге отырып балаларымызды кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс жасайық.   
 

Президенттің Жолдауы

Видео

Іздеу

Ауа-райы

Қонақтар

  • Осы айда 130
  • Осы аптада 22
  • Кеше 3
  • Бүгін 0
  • Онлайн 0

Сауалнама

Біздің сайтымызға баға берініздер ?

Дауыс беру

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год