Құрметті мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар және қонақтар! Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мәшhүр Жүсіп атындағы №57 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына қош келдіңіздер!
Біздің мектеп 2007 жылы 1-қыркүйектен бастап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Х.Түймебаевтың қатысуымен оқушыларға өз есігін айқара ашты. Мектеп ашылған кезде 1313 оқушы мектеп табалдырығын аттады, оқыту қазақ тілінде жүргізіледі. Мектеп өмірі қоңырау үнінен басталатыны белгілі. Біздің Промышленный тұрғын алабының барлық көшелерінен таңертең оқушылар мектепке асығады. Бұл жерде оларды мектеп қызметкерлері мен мұғалімдер қарсы алады. Қазіргі таңда, БІЗДІҢ МЕКТЕП, БҰЛ: - 1388 оқушы білім алатын - 60 сынып комплектісі. - 85 мұғалімнен тұратын педагогикалық ұжым, оның ішінде: жоғарғы санатты – 20 мұғалім; І санатты – 24 мұғалім; ІІ санатты – 11 мұғалім. Сіздер мектеп сайтының беттерінен мектеп тарихымен таныса отырып, соңғы жаңалықтарды біле аласыздар. Біз сіздерді мектептің педагогикалық ұжымымен, мектеп мектеп мұғалімдерінің және оқушыларының байқаудағы, олимпиададағы, спорттағы жетістіктерімен қуана таныстырамыз. Сонымен қатар, сіздердің назарларыңызға мектеп фотокөрмесін, форум бетін ұсынамыз.
Егер де, жауап күтетін, пікір білгілеріңіз келетін тілектеріңіз, ұсыныстарыңыз және сұрақтарыңыз болса басшы блогына еніп жолдауларыңызға болады.
Сайтымыздың беттерінен мектебіміз туралы көптеген қызықты, керекті мәліметтерді таба аласыздар деген үміттеміз.
Мекен жайымыз:
010009, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы,